18.08.2021
  243


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айқаракөз

Айналайын қарағым, қара қасыңa
Қос иықтан бұралған қолаң шашың.
Айқаракөз, жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Жөнің бөлек, Айқаракөз,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Наздана алмай сұлу қыз сүймесімен.
Айқаракөз, жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Жөнің бөлек, Айқаракөз,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!

Күндіз ойдан кетпейсің, түнде түстен,
Тал бойыңда мінің жоқ,
Жөнің бөлек, ай, бұлбұлым,
Жүрмісің сау-саламат,
Қызыл гүлім-ай!





Пікір жазу