18.08.2021
196
Ай-ай, бозым (екінші нұсқа)
Той дегенде мінемін дөненімді,
Жақсылардан аяман өнерімді.
Топ алдында осындай сынға түсіп,
Бір тексеріп қояйын өлеңімді.
Ай-ай, бозым,
Аялаған жан қалқа,
Келді-ау, кезің-ау.
Өлеңімді тыңдаған не дейді екен,
Жақсыны өлең қолтықтан демейді екен.
Бірекі ауыз тойда өлең таппаған жан,
Бай болса да бәрі бір кедейге тең.
Ай-ай, бозым,
Аялаған жан қалқа,
Келді-ау, кезің-ау.