18.08.2021
  195


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ай көке

Сырымбет биік адыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай, қайың мен тал – бәрі де әсем.

Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.

Мөп-мөлдір сынап құсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал егінге жай,
Шырайы әдемі жер күліп жатқан.

Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.





Пікір жазу