17.08.2021
216
Аққұм
Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты
Сөзі бар алуа, шекер, балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты…
Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Ойымнан жатсам-тұрсам еш кетпейсің,
Басымды не сиқырмен әуреледің.