16.08.2021
  153


Автор: Иван Бунин

Капитал

Қарны шартиған қып-қызыл квас сатушы бүкіл жәрмеңкені басына көтеріп шырылдап айқайлап тұр:


— Мінеки, иіскесең танауыңды жаратын, ішсең өңешіңді қабатын тентек квас қайнап тұр!


Топ ішінде абажадай бөркін желкесіне басып киген алпамсадай мұжық қолтығына қысқан ақ нанды арпадай асап келеді, аузын кере шайнағанда пысылдаған танауы шелектей боп кетеді.


— Квасыңның құны қанша?


— Бөтелкесі бір сом, стақаны жеті тиын.


— Бір тиынға шырп еткізсең қайтеді?


— Бауырым, шырп еткенге торғай да шырылдамайды.


Мұжық езуін кере шайнап ойланып тұрды да күрсініп салды:


— Жоқ, жеті тиын тым қымбат екен. Оған капитал мүмкіндік бермейді.





Пікір жазу