15.08.2021
283
Томаға киген тау бүркіт
(Бауыржан Момышұлына)
Томаға киген тау бүркіт
Қадайды көзін құздарға.
Сонда бір шыңды жаңғыртып
Саңқылдап ұшқан мұз-қарда.
Сабалап сонда қанатын,
Қиқулайтын дауылда;
Шүйілсе бұғып қалатын
Аң да, құс та, тауың да.
Енді маңы тып-тыныш
Жоқ дауыл да, тықыр да.
Отыр тарлан сұсты құс
Топшысын бүгіп тұғырда.
Мүмкін қалған із бар ма
Құзында қарлы қияның? —
Қарайды қыран құздарға
Қиялар тербеп қиялын...
Томаға тау Бүркіт Бауыржан Момышұлы Қалижан Бекхожин Қалижан Бекхожин шығармашылығы Қалижан Бекхожин өлеңдері