15.08.2021
  166


Автор: Әбділда Тастанов

Ақын аға Әбілда.

Беделді ағам қатарының арасында,
Дүрілдетті Оңтүстік қаласын да.
Колпаштайық ақынды шын жүрекпен,
Әлдилеген жырымен кәріні баласын да.

Осы сағат біздерді жолықтырған,
Осы мезгіл көңілімді толықтырған.
Кездесуде мен Сізге тілейтінім,
Қартаймасын жүргіңіз соғып тұрған.

Өлеңдері тәрбие, сабақ маған,
Аллаһ жырды тегіннен жаратпаған.
Өлендерін ынтамен оқып алып,
Биіктерге самғаймын, қанат кағам.

Өлендері көкке ұшар қанатымдай,
Жүрегім тек өлең деп соғатындай.
Оқымасам егер де өлеңдерін,
Көңілім жетімсіреп қалатындай.

Ағартушы деп айта алам өзінді,
Оқыдым тізбектеген маржан сөзінді.
Оқыдым өмірбаян жағдайын да,
Болыпсыз жұмсақ жүрек, төзімді.

Бойыңызда болыпты асқан дарын,
Зар заманда көріпсіз ғалам тарын.
Ұмытылмайды есіміңіз ақын аға,
Боларсыз жүрегімде оттай жалын.

Ұрпақтарың мүшайрада жырласа –
Өлеңдерің тәрбиелі, толымды,
Жаратушы Аллаһ егер қаласа,
Жалғастырам ізгілікпен жолыңды.





Пікір жазу