15.08.2021
  164


Автор: Талғат Сұлтанов

Бұзылып қалар бұрышы

Бес күндік мынау жалғанда
Адамды ажал шалғанда
Байлық пен ынсап, атағы
Көріне бірге барған ба?
Бойыңда қуат жан барда
Шайтанға бекер алданба
Намазыңды оқып бес уақыт
Құлшылық еткін арланба

Адамның біздер ұлымыз
Алланың біздер құлымыз
Құлшылық етіп тәңірге
Иманға бетті бұрыңыз
Шайтанды шетке қуыңыз
Намазбен жанды жуыңыз
Дауылдан бізді сақтайтын
Жайқалып тұрсын нуымыз

Лә иләһә иллалаһ
Мұхаммадан рассуллаһ
Деген сөзден жамағат
Имандық жолы құралмақ
Жүректен туған мұнарлап
Қостым ғой мен де жыр арнап
Иманды болып жүрейік
Қолдасын бізді бір Аллаһ!!!





Пікір жазу