15.08.2021
  166


Автор: Талғат Сұлтанов

Сырғуда уақыт

Сырғуда уақыт сезбейміз оны сірә біз,
Сезбейміз мүлде көз іліп таңда тұрамыз.
Осылай өмір кетеді алып жастығын
Кәрілік деген шыңға да бәлкім шығамыз.

Бір Алла білер, бір Алла білер анығын,
Бір Алла ғана көрсетер күннің жарығын.
Білерім Алла, тірегім Алла өзің деп,
Өзіңде болды сенімім менен танымым.

Тағдырдың сыйы жылатар бірде жұбатар
Пенденің жанын қуантып бірде құлатар
Жайқалған гүлде солады мәнгі тұрмайды
Жас шыбық гүлдер ажарын ашып бур атар

Сыбаға, сыйлық, махаббат, сезім гүл өмір,
Қалады артта күтуде алдан шын өмір.
Бұл өңір деген бақылап әрбір пендеден,
Емтихан алып сынайтын сырлы сын өңір.

Ата-ана, бала, бірге өскен бауыр бақытым,
Достарым, жарым, арнайтын мен деп уақытын.
Қауқарсыз қалар қиямет жетіп жалт етсе,
Бере алмас көмек, бере алмас мейір жақұтын.

Аллаһу әкбар сәждеге қойсам басымды
Көремін сонда бір сәттік бақыт асылды
Алланы бар деп Алланы бір деп ғаламды
Сезімімменен жүрегім жаным бас ұрды
Алла деп қана сәждеге қоям басымды





Пікір жазу