13.08.2021
  174


Автор: Адырбек Сопыбеков

Нан иісі

Сыр бойының ақ күрішін,
Жинадың сен ел ырысын.
Ел сүйсінген еңбегіңе,
Сыр сұлуы – сен бірісің.

Күн күлімдеп дидарыңнан,
Ақ маржандай жинадың дән.
Жүрегіңдей ысып тұрған,
Еліңе сен сыйладың дән.

Ақ күріштің арасынан,
Шырқатып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Сыр бойының даласынан.

Өтіп жатыр дәл қасыңнан,
Шопыр жігіт дән тасыған.
Күлімдейді саған қарап,
Сүйсінеді-ау ол осыған.

Егінжайға қара да тұр,
Шалқып-тасып дала жатыр.
Теңіздегі кемедей боп,
Комбайндар бара жатыр.

Толқынды егін арасынан,
Шалқытып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Қазағымның даласынан.





Пікір жазу