13.08.2021
223

Көзілдірік
Көзілдірік ап келдім,
Әжем қалды қуанып.
– Сенің қалам-дәптерің,
Көрінді, – деп, – бәрі анық.
Әжем енді икемді,
Көзілдірік көзінде.
Қадап берді түймемді,
Мәз боп қалдым өзім де.
Бос отырмай күн ұзақ,
Газет оқи алады.
Инені де менсіз-ақ
Тез сабақтай салады.
Көзілдірік болды енді ем,
Көзі жақсы көреді.
Енді маған бұл әжем
Қолғап тоқып береді.