АРНАУ
/Қабылбек Төретайұлының 60-жылдығына/
Ашылғандай көктемгі қырдың гүлі,
Адуынды ақындар жырдың пірі.
Өлең десе асында жерге қойған,
Аманбысың, өнер сүйген жырдың елі.
Ақын жанын сіздей аға кім ойласын,
Ұрпақ оқып жырыңызды бойласын.
Қабыл аға құтты болып жыр кешің,
Сіз жайында бұл ініңіз толғасын.
Көп болды аға сізді де көрмегелі,
Сағынып жүр өзіңді жырдың елі.
Қолымыздан түспейді кітаптарың,
Осы болар жырыңның өрлегені.
Ақын деген қасиетті айбарлы есім,
Бақытыңды беу аға Алла берсін.
Өзіңіздей нар тұлға азаматтың,
Жырыңызды ұрпағың жалғап өрсін.
Бағындырып талай белес асқарларын,
Нық басыпсыз ақындық баспалдағын.
Бергеніңнен берерің көп қой бізге,
Жырларың талай жанның ашқан бағын.
Нұрын шашсын атқан таңы арайдың,
Өзіңізге жыр жазатын келді кезі орайдың.
Сіздің әрбір тағлымы мол жырыңыз,
Жүрегінде сақталады талайдың.
Төлебидің түлеп ұшқан қыранымын,
Өзіңізді пір тұтам жыр алыбым.
Қабыл аға аумин деп батаңды бер,
Жолыңызды қуатын ұланыңмын.
Алтын той тойлап жатса бұл ағамыз,
Қалайша арнау жазбай жүре аламыз.
Қабылбектей ағамыздың барлығына,
Аллаға шүкір айтып қуанамыз.