12.08.2021
  891


Автор: Қанат Сарыбаев

КІТАПХАНА БІЛІМНІҢ ШАМ - ШЫРАҒЫ

Білім байлық пендедегі жарасым,
Көтерейік оның биік бағасын.
Не керектің іздесеңіз барлығын,
Жақын досың кітаптардан табасың.

Алға басқан қадамынан таймасын,
Иран бақтай көктемдегі жайнасын.
Ұрпақтарға үйретуді өткенді,
Тарих ізі кітаптарда сайрасын.

Алақанда аялайық ардақтап,
Көрген дұшпан іші күйіп қайнасын.
Ағайындар алмайықшы сындырып,
Кітапхана әдебиеттің айнасын.

Жақсы, жаман деп бөлместен сұрыптай,
Жүрейікші қазынаны ұмытпай.
Кітапхана қасиетті мекен ғой,
Сол мекенді жүрейікші ұлықтай.

Көпшілікті мейірімге бөледің,
Еңбектерін көп зейнетке теңедім.
Кітапханашы апайларым бір төбе,
Оқырманнан аямаған көмегін.

Бізді жақсы жолға апарар жетегі,
Ол болмаса өмір мәні кетеді.
Ғасырлардан ғасырларға жеткізген,
Кітапхана кітаптардың мекені.





Пікір жазу