АУЫЛЫМ АЛТЫН БЕСІГІМ
Таң атып күннің нұры шашылады,
Гүлдері бүршік атып ашылады.
Әсем болып тербелген самал желі,
Бірақ сәтте ұйқымды қашырады.
Төлебидің орын алған төр басынан,
Танылған небір жүйрік жорғасынан.
Ауылым Айту бабам өскен жері,
Саған арнап бұл ұлың жолдасын ән.
Ауылым бізге сенім құлатпады,
Көңілім саған ғана тұрақтады.
Сенен шыққан ғалымда, даналарда,
Ашылған небір өнер бұлақтары.
Бірлігіміз жарасқан, бұзылмаған қаймағы,
Бұл бірліктің қариялар айғағы.
Қоңырбөрік бұл ауылым білсеңіз,
Тау бөктері, өзен тоғай аймағы.
Өзің деп жыр жазамын, ән саламын,
Тамаша табиғатың тамсанамын.
Қоңырбөрік ауылым алтын бесік,
Алыстасам тек сенсің аңсағаным.
Еске аламын бабаларды кешегі,
Еңбегі бар еленетін еселі.
Қасиетті бабалардың рухына,
Ұрпақтарың мәңгі тағзым етеді.
Риза болса Айту би баба әруағы,
Шөберең әлі биіктен танылады.
Тұғырлы туған жерім бұл ауылым,
Ұлы жүз Албан, Қоңырбөріктердің шаңырағы.
Ауылдың маңы аршаға толы шыршаға,
Өкінбес адам ауылға келіп қалсада.
Ауасы жанға шипа бір болған ауылым,
Нұр шашып тұрар көктегі күн баршаға.
Бабалардың дәстүрін сақтап өтем,
Бастырмаймын пейілі жатқа бөтен.
Киелі бабаларым жатқан жерім,
Мен әрқашан өзіңді мақтан етем.