12.08.2021
  347


Автор: Қанат Сарыбаев

АНА ҚҰШАҒЫН АҢСАУ

Көзіме ана тоқтаусыз келді жас бүгін,
Артыңнан еріп келеді міне жас буын.
Анаға деген сағыныш тербеп жүректі,
Есіміңді жан ана ұлың сенің жыр етті.

Келдім ана бүгін бейіт басыңа,
Көз жасымды тиялмаймын тұрмын қасыңда.
Әміріне амал барма Алланың,
Жетім қалдым он бес жасымда.

Жасымыздан бізді аялап өсірді,
Он бесімде тағдыр жолым шешілді,
Енді кімге жеті ұл қыз айтамыз
Ана деген аяулы бір есімді.

Келмеске ана кеттің ау сен сағымдай,
Сен кеткелі жарамда жүр жазылмай.
Арамыздан кеткеніңе төрт жыл жүзі толсада,
Сағыныштың жүр ғой мауқы басылмай.

Сағындым мен сағындым мен анамды,
Кім емдейді, кім жазады
Жанымдағы жараны?
Қалай жетем мен биікке анасыз?
Қанаты жоқ құс болдым ау жаралы.

Тоңып жүрмін жан ана мен суыққа,
Ағайыннан қалды көңіл суыпта.
Жабырқаулы жаурап жүрген жанымды.
О тәңірім одан әрі суытпа.

Амалым жоқ тағдырыма бағынамын,
Күн сайын мен анамды сағынамын.
Алладан әмір келіп ажал жетсе
Жан ана мен жаныңнан табыламын.

Ана сенсіз бақытты таң атпаған,
Қиын өмір шығармады- ау қақпадан.
Қымбатымсың, жанашырым жалғанда,
Мен өзіңді жүрегіме сақтағам.





Пікір жазу