12.08.2021
  418


Автор: Қанат Сарыбаев

ҚАМҚОРЫМ ӘКЕ, АЯУЛЫ АНА

Асқар тау әке, аяулы алтын анашым,
Жүректе ләйім өшпестей болып жанасың.
Перзентің болып, артыңнан ерген мен сенің,
Жаныма жақын ата – атам болып қаласың.

Тағдырға жоқ қой, тағдырға жоқ қой таласым,
Жазалмай жүрмін жанымның ауыр жарасын.
Ата- анаңдай қамқор болар жандарды,
Бұл жалғанда іздесең қайдан табасың?

Қамқорым әке, аяулы анам қайдасың,
Ұрпағың болып ізіңді ұлың жалғасын
Жетімнің жанын кім ұғар дейсің, кім сезер,
Ойлайды екен әркімдер өз пайдасын.

Сыр менен мұңды кімдерге енді шертемін,
Сағынышпенен өтіп жатыр күндерім.
«Балам» деген бір ауыз сөзге зар болып,
Қиын боп жүр-ау, жағдайын білсең еркенің.





Пікір жазу