Желтоқсандағы ой.
Жүректе қан салып өрнек,
Тұла бойды намыс кернеп.
Қалайша қазағымның,
Қалайша шамы сөнбек?!
Ақ шамын қазақтың сөндірмейміз,
Батыр елміз, ешкімнен жеңілмейміз.
Алдымыздан ақырғанмен арыстан,
Арпалысамыз, арпалысамыз берілмейміз.
Алыстама азаттық мұнарланып,
Бүгінгі күнің тұрғанмен тұманданып.
Ертең-ақ көк аспаннан,
Күн күлімдеп шығары анық.
Көгімді тұман торламайды,
Тосқауыл бізге ешкім бола алмайды.
Өзге жақтан ұшып келген қарға,
Қазаққа қыран боп қона алмайды.
Әлемге шашар шапағатын,
Көтереміз биікке қазақ атын!
Орындауға тиістіміз,
Ата-баба аманатын!
Көңілде қалмай қаяу, мұң,
Оянғын елім, оянғын!
Елім үшін мәңгіге,
Жан қиюға даярмын!