12.08.2021
  297


Автор: Исатай Мәмбетов

Төрт құбылам түгелденді

Қазағымның қуанған заматында,
Тыңда мені, дүние, дала, тында,
Азат жырлап аспанда зырлап жүрген,
Мен пырақпын, от семсер қанатымда.

Тәуелсіздік – жырым да, айтар әнім,
Осы әнімді іштей сан қайталадым.
Елім азат, халқымның таңы да ақ,
“Бақыттымын” деп келеді айқалағым.

Тарихыма қарадым үніліп мың,
Көрінбес түбі терең тұңғиықтың.
Сан жылдар сар далада тізбектелген,
Елесестер көңілсіз сол мұңлық күн.

Балалар қолына алып сан қаруын,
Қорғаған елін, жерін, жар-аруын.
Шыбындап жанын пида етіп арпалысқан,
Аманаттап даласын, тау мен нуын.

Бөркінді аспанға атар күн де келді,
Ысырылды түнекті түндер енді.
Қазағымның көк туы желбіресе,
Кейбіреу іштей біраз күндеп еді,

Титықтаған тілім де түрегелді,
Мәз болып менің елім күледі енді.
Тілім, ділім, дінім бар, жерім де бар,
Төрт жағым ө төрт құбылам түгелденді.





Пікір жазу