12.08.2021
  201


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Соңғы сырғанақ

Қыс айының аязды бір кешінде,
Сырғанақты бастап едім бесінде.
Қараөткелдің "Алатаудай" жарында,
Соңғы тепкен сырғанағым есімде.

Жар басынан құйындатып жөнелдім,
Балалықтың қызығына кенелдім.
Кенет шанам асау тайдай бұлт етіп,
Төрт-бес аунап кеткенімді білемін.

Сонан кейін мен сырғанақ теппедім,
Қолшанамды іле қуып жетпедім.
Балдан тәтті балалықтың дәурені,
Білмеппін ғой сол шанамен кеткенін.





Пікір жазу