12.08.2021
157
Сағыныш
Өзге өңірде жүрсең-дағы жалындай,
Жүре алмайсың өз еліңді сағынбай.
Мекен етсем қасиетті Меккені,
Таңы атар ма туған елдің таңындай?!
Алғаш жуған жөргегімді туғанда,
Қараөткелдің сол суындай су барма?!
Ешбір жердің қасиеті тең келмес,
Кіндік кескен туған елің тұрғанда!
Анасындай әр пендеге өз елің,
Ойға алғанда өртенеді өзегің.
Өзге жерден тауып алған алтыннан,
Кем көрмессің туған жердің тезегін!