meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.08.2021
  172


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Шолақ өмір

Өмір деген жалын екен,
Жалыны шарпып өтеді.
Неге шіркін жастық шағың,
Жалт етіп тез өтеді.
Неге артына балалық,
Бір қарамай кетеді?
Зер салып халқым ойласаң,
Табыт пенен бесіктің
Аралығы екі елі.
Содан да анық белгілі,
Өмірдің шолақ екені.
Өмір деген аққан селдей,
Өте шығар зырылдап.
Ұрпағымыз үйренсе екен,
Үлкендердің тілін ап.





Пікір жазу