11.08.2021
178

ОТ АЛУҒА КЕЛГЕНДЕЙ
Ертеде жетімсіздік көп болған. Соның бірі – күкірт жетімсіздігі еді. Мұның өзі отты (күкіртті) үнемдеп пайдалануға итермелеген. Осыдан барып от көму шыққан. От көму деген сөз қазанның астындағы қидың шоғын күлмен қалың етіп жауып тастау деген сөз. Ертеңінде от жаққанда сол шоқты тамызық етеді. Үрлеп берсе болды қау ду ете қалады.
Отты қыста ғана емес, жазда да көмеді. Ертемен ауыл сол көмілген отты алуға ұмтылады. Шоқтың қызуы қайтпас үшін оны асығыс алып кетеді. От алуға келген жандар асығыс келеді, үсігіс қайтады. «От алуға келгендей» деген сөз содан қалған.