11.08.2021
  126


Автор: Төрехан МАЙБАС

БІРІНШІ ӘЙЕЛ, ЕКІНШІ ӘЙЕЛ…

Бүгінде шежіре кітабынан көп нәрсе жоқ. Таралымы да орасан. Соның кез келген бетін ашып қалсаңыз әйел санамағын көресіз. Бірінші әйел, екінші әйел, үшінші әйел, төртінші әйел деген.
Бабаларымызда көп әйел алушылық болған. Жаугершілік заманына қарай жесірлерін қаңғытпаған. Басқадай да себептермен төрт рет некелескен.Төрт әйел алуды шариғат та қосқан. Алайда біздер сияқты әйелдерін нөмірлемеген. Үлкен әйелін – бәйбіше деген. Одан кейінгі әйелдерін – тоқал/дар деген.Тоқалдарының өзін түстеп қойған. Тоқалдарының үлкенін – үлкен тоқал, ортаншысын – кіші тоқал, соңғысын – кенже тоқал деген. Дүниеге некесіз сәбилер де келіп тұрған. Бабаларымыз оларды да алыстатпаған. Олардың шешелерін – аяқбау деген.





Пікір жазу