Ыбыш Мұсабаев
Мүсіндей тастан құйған жартас кеуде,
Құмай көз, қоңырқай жүз, батыр бейне:
Аз сөзді, кесек мінез Ыбыш қарттың
Жас шағы жалын атып тұр Семейде.
Он-оннан жасап тастап сегіз белес,
Көңілін әлі ешкімге берер емес.
Жасынан бойға біткен күш пен қайрат
Жауласып кәрілікпен жасайды егес.
Көргенім мұндай қартты некен-саяқ,
Секілді бір жас дәурен құрған саят.
Жаныңды баурап алар көрген жерде-ақ,
Сыртынан «кәрілік» деп тұрсаң аяп.
Жас шағы қойса датым алыс қалып,
Жантаймай кәрілікке намыстанып,
Алдырмас аламанға кер дүлдүлдей,
Келеді жылдарымен жарыс салып.
«Қартайсам өкінейін мен несіне?
Шын бақыт ақиқаттың мінбесінде!
Қызығын өзім көрген жас дәуренім,
Ешкімнің кәртайған жоқ үлесіне!» —
Дейді де ол шертеді өмір шежіресін,
Сен оның жас шағына шегінесің.
Грузщик жас жігіттің сол күндерін
Жырлауға құмартасың, еліресің!
Атанып жас балуан күрестерде,
Айқасқан балуандарды түгескенде
Алқынбас арыстанша кеуделеніп...
Ақ қайық кұс боп ұшқан ол ескенде!
Кешіне сейіл-серуен, өр серілік,
Тыңдайды ел бүл шырқаған әнді емініп.
К,ос ішек балуан саусақ ырқында ойнап,
Ән сазы толқын ұрар сан құбылып.
Осылар бар болғансын байлығында
Білмеген уайымды, қайғыны да
Жайсан жан, ақ періште, жалын жүрек,
Білмеген оттан, оқтан тайлығуды.
Ардақтап міне осылай Ыбыш басын,
Жаратпай жігіттің де падишасын,
Семейде бір өзіне ғашық болған
Құшыпты ол аққу мүсін Қадишасын.
Дүниеге келген күні Жұмашының
Ұмытып қысқалығын құлашының,
Ертістің ағынына қарсы жүзіп,
Бастапты бақытының бір ғасырын!
Тынбайды Ыбыш жаны оныменен,
Салысып Түрксібтің жолын өрен,
Ертіске көпір-діңгек орнатысып,
Маңдайдан сорғалаған терін көрем.
Ауылда, ауданда да ел басқарып,
Қырманда қыр-далада шеп жастанып,
Кездесіп Өскеменде Кировпен де,
Алады иықтанып, құлаштанып!
Кешегі қанды қырғын қатал шақта
Барғанын шеру бастап майдан жаққа,
Окопта оқ астында көргендерін
Тауыса алмас хикая етіп бірер апта!
Жасаған сексен жылын жыр ғып шертіп
Кетеді ол көңіл мұзын көктемше ертіп.
Хошланып, риза боп жас шағына,
Келеді тыңдай түскің сен тағы да.
Сонда... ол түнере қап күрсінеді.
Ол күрсіл жүрегінің дүрсілдері?
Секілді Ертіс сеңі жарға соққан,
Немесе бір қара бұлт күркіреді?
Қимайсың қасіретке қарттың жанын,
Қимайсың жер қойнына асыл жарын...
Ол ғана емес еді-ау карт қайғысы,
Қайда оның тұңғыш ұлы Толымханы?
Қарт жанын күйіндірген қасірет-жалын,
Кешегі қанды қыртын, қанды сатым.
«Дүние-ай, мұнша арманда болар ма едім,
Бір көрсем сенің жатқан топырағың?
Қайдасың жас өндірім, Толымханым!» —
Деп еңіреп қарттың жаны егіледі,
Қабырғам қайысады, сөгіледі.
Тәрізді қара жартас қайратты ерді,
Күйреткен мұнша неткен өлім еді?
Сұм фашист, ойраның ол сенің салған,
Жас қыршын кайтпайды ғой қан
майданнан.
Ыбыш карт лағынатын саған айтқан
Айнытпай ала кетпек бүл жалғаннан!