10.08.2021
  212


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Сәкен аға

Перзенті болғанымен бір әкенің
Қимайды ел бір әкеге нұр Сәкенің.
«Ақ сүтім, ақ перзентім, — дейді халық —
Жанының Альбатрос жыр Сәкенім».
Қашанда халық айтса, дәл айтады,
Тау құптап, бұлт тымағын шалқайтады.
Мандайын күн сәулеге ашып тастап,
«Жас қазақ Марсельезі» он айтады.
Атқыған ақ боранда ол қызыл жалын,
Шақырып айқасқа жас бауырларын,
Жан отын жалау етіп арманының,
Азаптың өзіне алған ауыр жатын.
Ертектен естуші едік кей ерлерді,
Көзімен мұндай ерді кімдер көрді?!
Біз көрдік сол бір ерді оқ астында
Бұғаулы бұзып шыққан тас көмерді.
Өзі солай, өзгеге әм соны шарт қып,
Найзағайды уыстап түнде жарқ-жұрқ,
Тар жолда ажалменен арпалыста
Шыққан кім азаттықты ту қып — шарт қып?
Ол ма? Ол Сәкен ата, Сәкен ата!
Еске алу Сәкен ағаны — азалы күн,
Атынан елімнің—азабының,
Атылсын қанды қолдар қарғыс оқпен,
Қорлаған Сәкен ары тазалығын.





Пікір жазу