10.08.2021
  140


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Тамаша ғой өмірдің өрімдері

Рауза Ақтайқызы Жәмікова - Төкеноваға

Адамдар!
Емеспіз ғой түскен көктен,
Жандармыз жерде туып, жерде ержеткен.
Қарызын Жер-ананың өтеу үшін,
Болармыз маңдай терді талай төккен.
Ол өзі өз алдына көп терең сыр,
Арналар бұған талай келешек жыр.
Бүгінгі бір ғажабы менің үшін
Есіме естелік боп оралған жыл.
Қолымда кеше ғана іңгәлаған,
Немере сүйдім бүгін Раузадан.
Қанаты неткен ұшқыр жылымыздың
Рауза әже, мен қартпын тұмаураған.
Шүкірлік! Бұ да бақыт, үлкен бақыт!
Ризамын қуанышты ет, уақыт.
Немерем мен шөберем арсалаңдап
Өлеңдете берейін фонтанша атып.
Ыстық кермес жалғанда жиенін кім?!
Ыстық көрмес жиеннің күйеуін кім?
Сен сүйген Әкімжанды мен де ардактап,
Бөбек күнгі өзіндей сүйе білдім.
Өмір — көш,
Адам—тұлпар жегіндегі,
Өмірде болмайды оның шегінбегі.
Өсу, Өну,
Өркендеу буын-буын —
Тамаша ғой өмірдің өрімдері.





Пікір жазу