10.08.2021
  158


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Қалдыбай Бектаев ғалымға

Сонау түпсіз жылдарда
Топан суы қаптаған,
Қазығұрттың тауына
Нұқ кемесі тоқтаған,
Қасиетті аймақтан
Қадірлі жер жоқ маған.
Кіндік қаның тамған жер,
Сол Қазығұрт болғансын:
Адамшылық, от жігер
Бопты өмірлік жолдасын.
«Ғылым ед бар іңкәрің,
Әр қияға сермедің», —
Деп ұлы Абай айтқандай
Өрбіттің ғылым өрнегін.
Жеміссіз болған жылы жоқ,
Ғылымға сепкен дәніңнің,
Ақындардың жыры боп,
Алаулай түсті дарының.
Кеше майдан солдаты
Бүгін: ғалым,
Ардагер.
Әлдилер өмір жәннатын
Ғылым үшін, халық үшін,
Жасай бер, Қабдеш, жасай бер!





Пікір жазу