10.08.2021
  134


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Әкімжан Төкеновке

Әкімжан, бауырым, жүрегім,
Ұзатып тұрмыз мәңгіге.
Өлімге қияр сені кім?!
Отырған сайрап әлгінде.
Төзімді ед жаның, кең еді,
Жүк тартқан нардай ал ыстан;
«Әкімжан қайда?»—дер едім,
Әлде бір неге тарықсам.
Жақсы еді-ау жанын, ешкімге
Ойламаушы ен жамандық.
Өмір бойы мол еді-ау,
Ақ жанында адалдық.
Розан бар артында,
Қосылған жастай жан жарың.
Азамат ұл-қыздарың, —
Бақыт құшқан арманың!
Ерте кеттің өмірден,
Ең қызықты шағында.
Сағынайық біз сені,
Сен бізді әзір сағынба!
Өзіңсіз атап отырмыз,
Сексеніңді бүгін біз.
Аруағыңды кұрметтеп,
Өтпекшіміз тіріміз.

1994 жыл





Пікір жазу