10.08.2021
  174


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Шабал Бейсекова

Кешегі Шабалымыз қандай еді...
Өмірге бақыт қосар жандай еді.
Жайлы мінез жанының жазирасы,
Адалдық, нысапшылық маңдайы еді.
Сарыарқа, Ақтау, Ортау көктің көлі,
Перзентім деп мақтанар енердегі;
Сахнаның саңлағы еді Шабал,
Асыға күтетұғын көрермені.
Көтерсе де нелер бір ауыр жүкті,
Саспай-таспай жайлы ұстап өзін тіпті;
Менменсіген күні еш болған емес, —
Үлгі аларлық өр кеуде кейбір «мықты».
Көріп өстік күміс көл аққуларын,
Тыңдап өстік аққудың «Гәкку» сазын.
Кеше ғана аққу боп «Гәккуді» айтқан
Кім ұмытар Шабалдай өнерпазын.
О дүние жазуы ғой бір Құдайдың,
Келмейді оны ойлап құр мұңайғым.
Күләш, Шабал, «Гәккуді» жәннаттарда
Тыңдатар ма ең өзіне Ыбырайдың?!





Пікір жазу