10.08.2021
  487


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Туған тілім

Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен бір аспанның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.





Пікір жазу