Туындылар ✍️
Сәбит Дөнентаев
-Шіркін, жиырмасыншы ғасыр! (Ол кісі солай айтатын) Басында тарих ерекше ықпалды болған ғой. Мұны жазып отырған Құлбек Ергөбеков ол кісісі аталған ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде шұғылалы шуақты жүрегінің жарық сәулесін түсірген ғалымдардың көшбастаушыларының бірі – профессор Бейсембай Кенжебаев.
...Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайгыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев, Әріп Тәңірбергенов...Қай-қайсы да қызық тағдыр иелері Ғалым Бейсекең айтса айтқандай қызық болуы мен қатар қаламдарынан туған қадау-қадау шығармаларыда ерекше жандар. Аталған қаламгерлердің арасынан С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С. Көбеевтердің мектеп бағдарламасына еніп, мектеп қабырғасында-ақ біз олардың есімдерін біліп, шығармаларымен там-тұм таныс боп өстік.
Бір ғажабы, Сәбит Дөнентаевтың жеке кітабы көзіме түскен емес еді. Сөйтсек, ақынның шығармалар жинағы жарық көрмегеніне отыз жылдан аса уақыт өткен екен. Сол олқылықтың орны 1989 жылы «Мектеп» баспасы жарыққа шығарып «Қазақ өлеңінің бозторғайы» атты тақырыппен Қ.Ергөбеков алғысөз жазған жинақ азда болса толықтырған сынды.
Аталған жинақ «1912-1918 жылдардағы және совет тұсындағы өлеңдері» деген екі бөлімнен тұрды. Сәбиттің шағында шымыр өлеңдерінің арасында балаларға арнағанжырлары да баршылық. Соның бірі - «Балалық» атты өлеңі. Осындағы:
Шығын демей қирағанды, күйгенді,
«Тек отыр» деп дұшпан көріп тиген-ді.
«Құбыжық» деп бөркін теріс кигенді,
Жығылғанын жұрттан көрген балалық,-
деген жолдар тез алданғыш, тез сенгіш ауыл баласын көз алдыңа әкеледі. Ақын алдағанға қолындағысының бәрін беретін баланың балалығын қызықты да тартымды етіп жырлай келіп:
Заман өтіп бара жатыр желдетіп,
Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп,
Текке отырған көздің жасын көлдетіп,
Қашан кетер біздің елден балалық,- деп сауал тастап, әлеуметтік мәселені де қозғай кетеді. «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» атты өлеңдері балаларды мейірбандыққа шақыру, ұрлық-қарлық сияқты жаман әдеттен сақтануға үндейді. Ұры әкесіне баласының ол бізді көріп тұрған Құдай деді. Оны қатты састырады. Оған ақынның:
Білмеді не айтарын жазған ұры,
Ұялып текке қарап, тұрды құры.
Ұрыдан ұрлық кетті мұнан кейін,
Еріген қар секілді жазғытұры деуді айғақ.
Алайда бабадан балаға мирас болып тарайтын зұлымдықтың, ашкөзділіктің ел ішінде белең алып, асқынып тұрған түрі бір ұрының тәубаға келіп, шектелдімен тоқтамасы хақ. Бұл емес, жаңа шыққан бір жат хабар,
(Мұндай іс әркімде бар әрқайда бар, жүз жерден бала түгіл, үлкен айтсын,хақ сөзге таулық етер жан қайда бар).
Бұл – бұлтарпас өмір шындығы. Ал реализм ақын шығармасының құндылығын арттыра түседі. «Сәбит XX ғасыр басындағы қазақ ақындары арасында сатира жанрында дара тұлға», -деп атап көрсетеді Қ.Ергөбеков.
Зерттеуші ғалымның бұл пікірі талас тудырмайды. Ақынның «Заман кімдікі», «Қайтып қарғыс алмайсың» , «Ұлтшылға» атты лирикалық толғаныстары да күні кеше жазылғандай әсер қалдырады. Мына төмендегі шумақтарды оқысаңыз оған көзіңіз жете түседі.
Жаным –хақ, қара басым-патшанікі,
Абырой, кісілігім –ақшанікі,
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
(«Заман кімдікі»)
Жамандықтың жанынан
Жарты шерік қалмайсың.
Өзің шыққан ұлтыңнан,
Басшы қылған жұртыңнан.
Бұл мінез, бұл құлқыңнан
Қайтып қарғыс алмайсың?!
(«Қайтып қарғыс алмайсың»)
Дегенде « ал істейік ұлттың ісін»,
Атыңның басын тартып кежімдейсің.
Әр істі аузың айтып, қолың қылмай,
Қай түрмен: «елді бастап едім» дейсің.
Орныңа өз ақылың келе алмаса,
Дірілдеп қалшылдайсың, безілдейсің.
(«Ұлтшылға»)
Басшы атанса да жамандықтың ең зоры
Кісі қақысын жеу, қоғам мүлкіне
Қол салу, пара қорлық қылмыскерді
Қорғау сияқты әдеттерден тиыла алмай
Істі болғандар, болатындар, ақынша айтсақ өз ұлтынан мұндайлардың алғыс алуы екіталай.
Ал, «жұртым» елім дейтіндер қазірде жыртылып айрылады. Күні кеше тіл мәселесі өткір көтерілген кезде кейбір ағаларымыз «Қазақ тілін білмейтіндер қатаң жазалансын», «Қызметтен қуылсын» деп ұран тастағаны есте. Күні кеше қазақша тіл қатқан қандасын жерден алып, жерден салып сыбағасын беретін ағаларымыздың соншалықты өз ұлтының қамын жеуші болып шыға келуі таңқаларлық еді.
Сөйтсек, ақын айтса айтқандай олардың онысы «Өзінің пайда тура қамын ойлау» дәрежелі табысты қызметке ұл- қыздарын тықпалау екен. Ал ол ойлары жүзеге аспаған тұста «дірілдеп, қалшылдап, безілдеп» қазақ мектебіне берген балаларын қайтадан орыс мектебіне ала қашқан. Мұның өзі қоғамдық құрылымдағы сан алуан өзгерістердің өзі адам табиғатына бірден оң ықпал ете алмайтынына көз жеткізеді. Ақынның совет тұсындағы өлеңдерінде ұраншылдық екісөзділік мен мұндалап- ақ тұр.
Соның бірі «Қаулы атты өлеңі», «ұятта басқалардан қалғанымыз» деген басты ұраншының сөзін іліп алып бай малын, батыркүшін аямасын деп даурығысқан жұрт. Мынау бай, анау кедей дегенді есепке алар жан жоқ.олардың осы көзсіз әрекеттерін ақын бәріде «өлімге айда баратындар» деп зілсіз іліп өтеді.
Өлең түйіні:
Сөз бітті, ет желінді, қаулы қалды,
Халыққа өкпе барма, аузына алды.
Еттің де, халықтың да өркені өссін.
Ермектік бір әңгіме болды қалды.
Осы жолдарды оқығанда кешегі кеңестік кезеңнің бораған қардай біріне-бірі жалғасып жататын қаулылары еске түсті.
Кеңес өкіметінің құлауының басы себептерінің бірі еріксіз ешқашан орындалмайтын сол қаулыларда жатқан жоқпа екен.
Өркенді өмірге шақырған
Сәбит тамаша ақын болумен қатар сол кездегі «Қазақ тілі» «Саяси кеңестік шығыс», газеттерінде қызмет істейді. Аталған газеттерде оның өлеңдері мен қатар мақала, очерктері үзбей жарияланды. Сөйтіп, ол ақындықпен қатар журналистиканы да ойдағыдай меңгереді. Оған «Заман кімдікі» деген кітапқа енген очерктері дәлел.
Енді аз-кем сөз сол мақалалары очерктері турасында. «Наурыз мейрамы» «Заманнан қазақтың төл мерекесі жаңа жыл екенін айта келіп жазушы оның діни мейрамдарға үш қайнаса сорпасы қосылмайды дейді. Енді сол мақала очерктеріне тоқтала кетейік
Бірақ соңғы кезде қазақ арасында дін мейрамдары (Ораза құрбан айттары сияқты) орын теуіп алғандықтан наурызды қадірлеп мейрамдаушылар кем. Сонан соңғы жерде жан-жануардың бойында наурыз мейрамында оянатын ұлы сезім, жаздан үміт ету әдеміде әсерлі баяндалады. «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік екендіктерін білгізе бастайтын осы үзіндідегі әр сөз жазушы өмір сүрген кезеңнің айшықты таңбасы. Ана тіліміздің бояуы қанық сіңген, әдемі үлгісі.
Ал мақала түйіні еңбекші қазақ елі шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап, тарихи мейрамдардың наурызды жаңа тұрмысқа лайықты қыйыстырып, өткізудің жолына түсіңдер! Деп шақырады. Сол кездің дәстүріндей осы бір шақыру ұранқаншама қазаққа ой салып, наурыздың төл мерекесі екенін танып білуіне жол ашты десеңізші.
Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы он жылдығында қолына қалам алған ақын, жазушылардың өзегін өртеген сол тұстағы қоғамның асқынып тұрған дауасыз дерті әйел теңдігі еді. Көз қарақты оқырмандар бұл тақырыпта өмірге келген шығармаларды сол өмірге әкелген жазушыларды жақсы біледі. Бір жазылған жайды мың жазғаннан майы шықпас. Сондықтанда аталған тақырыпта жазушы Сәбит Дөнентаев тың қаламынан туған очерктерге тікелей тоқталуды жөн көріп отырмыз.
«Қалың мал мен көп қатын алудың тарихы: Қазақ әйелдері һәм сауатсыздық» қазақ әйелдері туралы деп аталатын очерктердің қаузайтыны да сол әйел теңсіздігі тақырыбы.
Жазушы қазақ әйелдерінің басындағы теңсіздіктің түп тамырын сауатсыздықтан іздейді. Оны... Қазіргі барлық Советтер Одағындағы даусы жер жарып, сәулесі көк жарып, келе жатқан. «Жоғалсын сауатсыздық!» ұранына қосылмай отырудың жөні жоқ. Ол әйел сауатсыздығын жою үшін әуелі еркегін мойындату керек. Ол үгіт жолымен болама, орынды жерінде заң жолы мен болама.
Оны жүзеге асыру аталған ұранды қолдаушылардың жұмысы. Үлгіні шежіреден алайық басқа әйелі еркін жұрттан алайық, әйтеуір еркекте қандай еркіндік болса, әйелге де сондай еркіндіктің болуы парыздығы дей келіп еркек баланы қалай оқытып, қалай тәрбиелесе әйел балаға да сондай қамқорлық жасау міндет.
Бұлай болмаған жағдайда ел боламыз деп кеңірдегімізді созуымыз бекер. Сондықтанда бір аяқ, бір қолында жаны жоқ кісінің батырлығы құрып қалсын. Соқырға таяқ ұстатқандай. Осы жолдар әйел тағдырына алаңдаушы жазушының жан сыры екендігіне күмән тудырмайды.
Ақын Сәбит Дөнентаев
Жасында Айша,
Асау тайша.
-Деп мұғалім іркілді.
Осы сөздер келтірді күлкімді.
-Осы өлеңнің авторы кім,
Кім білет.
Сыныптастар бір-біріне күбірлеп
Ана ақын ба,
Мына ақын ба.
Бір байламға келе алмай,
Біріне байлап бере алмай.
Отырғанда қол көтерді
Кәкима
Тез келетін шешімбе
Бізден гөрі батылда.
Ал тыңдалық деді бірде мұғалім
Бұл өлеңнің авторы.
Сәбит Дөнентаев
Үздіктердің бірі сол сәт деді қап
Ғабит деп ем соны мынау
Қағып ап
Сыныптастар кетті сол сәт шуылдап.
Ғабит емес,-
Сәбит қой деп дуылдап,
Ал мұғалім жымыңдап.
Сабырлы қалпын сақтаған,
Тың тақырып бастаған.
Ақын Сәбит Дөнентаев
Өміріне тоқталып
Жерлесіміз дегенде
Талай иық қоқаңдап
Талай жанар шыға келген шаттанып.
Ақсудағы Құркөлде туып өсіпті,
Оқу оқып жұмыс істеп.
Тауыпты аз-маз нәсіпті.
Ақындыққа сонсоң мойын бұрыпты.
«Ұсақ-түйек» бұл алғашқы жинағы
Сол кітабы оған сенім силады.
Сол кітаптан жыр маздағы тұтанды .
Басылыпты Уфада
Газеттер мен журналдарда
Жарық көрді мақаласы
Жырлары
Түсінікті жалпақ жұртқа
Кесек ойы сырлары
Мал бағатын, егін егіп қырдағы
Қысқа –нұсқа жазбалары.
Бір ауылдан тапты ондап тілеулес
Бір ауданнан жүздеген.
Олар оның мақаласын, жырларын
Әр санынан басылымның іздеген
Іздеп келген таланттыға.
Көп ұзамай шығар шыңға
Үйрет тәсіл
Ақылын.
Сәбит аға қазақ жыр көгіне
Көтерілді ақырын.
Сүлеймен Баязитов