10.08.2021
266
Жыл он екі ай

Апасы:
– Құлыным, мынау–
«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,
Оқиды оны балдырғандар
Қаладағы, қырдағы.
Ертегілер, әңгімелер мұндағы,
Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы
Бөбектерге ұнайды,
Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.
Немересі:
– Суреттер де қызық екен мұндағы,
Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.
Апа, маған тез үйретші әріпті,
Журналымды оқығым кеп тұрғаны.
бала журнал Жыл он екі ай Сүлеймен Баязитов Сүлеймен Баязитов шығармашылығы Сүлеймен Баязитов өлеңдері