06.08.2021
  254


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Шардара

Шардарам, менің, Шардарам,
Ақындар жырын арнаған.
Сұлулығыңа тамсанып,
Әншілер талай ән салған .

Бір кезгі Қызылқұмымда,
Жасанды қала шынында.
Әрқашан сені мақтан ғып,
Ұлағат тұтар қызың бар.

Толқында, толқын толқындар,
Шағаласы көкте шалқыған.
Теңізде тулап балықтар,
Көз тартып түнгі жарықтар.

Мекенім менің талайдан,
Шардарам менің шарайнам.
Қанатын қақты өзіңде,
Талантын ұштап талайлар.

Толқында,толқын тулаған,
Өмірің мынау зулаған.
Ақындар жырлап ән - қалам,
Шардарам менің Шардарам.





Пікір жазу