06.08.2021
228
Балалық шақ
Балалық шақ қайталанбас бақыт ғой,
Қымбат екен әр бір өткен уақыты.
Ата-ана ғой қабағыңа қараған,
Мейірім төгіп қамқор болған әрқашан.
Көктем шықса барамыз біз қырларға,
Ойнайтынбыз кеш батқанша қызығып.
Қандай ғажап десеңізші сол кездер,
Қимай ұзақ қарап тұрдым қыр жаққа.
Тоғайда бар ауылдың етегінде,
Баламыз біз ойын десе жан қияр.
Ұмытуға болмайды екен деп білем,
Достарыммен бірге ойнаған уақытты.
Ойым менің шарықтаған аспанда,
Балалықтан арман болған әр таңда.
Болсам дер ем мұғалимадай жанашыр,
Бала жанын түсінген ғой әрқашан.
Өтіп жатты осылайша балалық,
Қайта кел деп, қол бұлғасаң келмейтін.
Осылайша жыр шумағын аяқтап,
Қош бол енді, қайта келмес балалық.
балалық шақ бақыт Гүлсана Тілеубекова Гүлсана Тілеубекова шығармашылығы Гүлсана Тілеубекова өлеңдері