06.08.2021
185
Иманым
Қазағымда қашанда тұнған иман,
Үмбетімін Пайғамбар иманым бар.
Бүкіл әлем мұсылманы сәжде құшып,
Бес уақыт намазға бұл жиналыңдар.
Қайтейін өткеніме текке налып,
Көргенім жоқ қажы боп мекке барып.
Әйтсе де мұсылмандық парызымды,
Аманаттап бабалар кеткені анық.
Жүрегіңде иманың болсын қазақ,
Өзге дінге бас ұрып, болмай мазақ.
Өз дініңді өзекке теппе дер ем,
Имансыздың отаны болар дозақ.
Имандылық жүрекке ұя салсын,
Шалыс баспа аяқты,қия халқым.
Өз дініңмен мәртебең биік қой бұл,
Төмендетпе нарқыңды,жатқа халқым.
Ей, Аллахым жүректерге иман сыйла,
Әрдайымда бір өзің қолдап,қорға.
Адастырма халқымды таза жолдан,
О,Тәңірім болсаңшы бізге қорған.
иман дін Мұсылман Гүлсана Тілеубекова Гүлсана Тілеубекова шығармашылығы Гүлсана Тілеубекова өлеңдері