06.08.2021
248
Жеңіс күні
Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.
Кетсе дағы көп есем,
Жұртым аман,ел есен.
20 млн. аз емес,
Нөлдері көп демесең.
Желбіреп жеңіс жалауы,
Алаулап жанып алауы.
Қазағым бүгін азат ел,
Қуанышты бұл жаңалық.
Азаттық сыйлап жаңа күн,
Армандап келген сан ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген жоқ,
Жан беріскен,жан алып.
Азаттық үшін шайқаста,
Жауынгерлер жаралы.
Қаншама мына қазаққа,
Жеңіс күнін сыйлады.
жеңіс күні азаттық соғыс Гүлсана Тілеубекова Гүлсана Тілеубекова шығармашылығы Гүлсана Тілеубекова өлеңдері