05.08.2021
  161


Автор: Нұрбол Бимұрзаев

Бақытты отбасын құрудың жолдары


Күн сайын ажырасу хабарын есту үйреншікті жағдайға айналды. Күшті, берік махаббатпен үйленіп, 2 айдан кейін ажырасып жататындар енді ешкімді таң қалдырмайды. Айналамызда алғашқы күнгідей бір-біріне ғашық, бақытты жандар күн сайын азаюда. Бақытты отбасын құру үшін төмендегі сырларға аса мән беруіміз керек :


— Ерлі-зайыптылар кейде болмашы нәрсеге ұрысып-керісіп жататыны сөзсіз. Ондай кезде ең маңыздысы жұптардың тым қатты ашуланбауы, шектен аспауы және күтпеген әрекеттер жасамауы қажет. Егер жұбайыңыз ашулы болса, сіз жұмсақ мәміле жасаңыз, көңілін жайландыруға, ашуын басуға тырысыңыз. Кері қайтарылмайтын сөздер мен іс-әрекеттерден сақтаныңыз!


— «Бір ұрыс кезінде маған дауыс көтерді» деп сіз де ұрысудан сақтаныңыз! Ұрысумен ешнәрсе шешілмейді.


— Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз!


— Ешқашан бұрынғы жасаған қателіктерін зайыбыңызға қайта-қайта айтып есіне түсірмеңіз! Бүгінге дейін ешкім өткенді кері қайтара алмаған және ескіні түзете алмаған.


— Не үшін үйленгеніңізді ұмытпауыңыз керек. Қуаныш пен қайғыңызды бөлісу үшін, өмірден екі есе артық ләззат алу үшін үйленген жоқсыз ба? 


— Сөздеріңіздің болымды, сүйіспеншілікке толы және салмақты болуына мән беріңіз! Әйтпесе ешнәрсеге жарамайды.


— Бір жоспар құрған кезде жұбайыңызбен ақылдаспасаңыз, оның пікірін сұрамасаңыз немесе жора-жолдастарыңызға одан да артық уақыт бөлсеңіз, қате жолда жүрсіз деген сөз.


— Күніне ең аз бір рет өмірлік жарыңызға әдемі сөз айтыңыз! Жұбайыңыздың сізден әдемі сөзді естіген кезде қандай бақытты болатынын байқадыңыз ба?


— Қателік жасасаңыз қатеңізді мойындаңыз және кешірім сұраңыз. Қателік жасауыңыз дүниенің соңы емес. Бәрінен маңыздысы  қате жібергеніңізді түсінуіңіз.


— Үйдегі тыныштықтың ең негізгі қағидаларының бірі — сырттағы адамдармен қалай сыпайы және жақсы мәміледе болсаңыз, ең болмаса соның жартысын жанұяңызға көрсетуіңіз!





Пікір жазу