Сендер аман болыңдар асылдарым
Сен биікте жүрсін деп төмендегем.
Мұқағали
Сендер аман болыңдар асылдарым,
Бір мұң барын кеудемде жасырмадым.
Қарап әбден үйренген биіктерден,
Шыңдар іздеп табыңдар сүйікті елден.
Айтқанменен жанымда нала барын,
Рас кейде сүйеуге жарамадым.
Ғашық болып өртенгем, сүйіп көргем,
Өздеріңді көргім кеп биіктерден.
Күткен, күткен бір үміт менен де елім,
Қазақ биік болсын деп төмендедім.
Бақытыңды іздедім жер бетінен,
Жаңа туған сәбидің келбетінен.
Сездірместен жолымды талай бердім,
Бозбалаға үңіліп қарай бердім.
Жүзінен бір шуақты арай көрдім,
Бойжеткенге үңіліп қарай бердім.
Аман-есен білмеймін қалай келдім,
Үміт күтіп жастарға қарай бердім.
Шыдап кейде шеккенмен азаптарын,
Бір бақытқа жетсін деп қазақтарым.
Бәйге бермей шабатын өрге кілең,
Төсеттіріп жолына төрге кілем.
Бесік болып үйіңде тербетілем,
Бақыт тапсын бар қазақ жер бетінен.