04.08.2021
  231


Автор: Сайын Назарбекұлы

Күн иісі

Бүгін бұл жақта (Семейде) сақылдаған сары аяз.
Маңғыстау шілдесін де сағынады екен-ау, адам деген.
Шыжыған күн. Жер кеткендей жұмсарып,
Ыссы тозаң, ауа күл боп, ұнталып.
Күн атаның құшағында Жер сұлу
Жатады екен бір ес жиып, бір талып.
Махаббаты жанған шағы ғаламның,
Сынар кезі ұлдарын да даламның.
Мен ес жидым ойнап келген даладан,
Шашын иіскеп күн сасыған баламның.





Пікір жазу