04.08.2021
  146


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сезім

Сезім... Сезім — мәңгі жас көктембісің?
(Табынтады тірлікті көктем — күшің!).
Аяйтын ем мезгілсіз бүр жарғанды,
"Көктем сезім" күзінде шеккенді шын.
Шыдатпай тұр бір сезім жан өртеп, тың,
Өзгені аяп, өзімді алдыртыппын.
Бір сұлудың сиқырлы күлкісіне,
Елтіп міне отырмын, албыртып тым.
Сәулесі де биязы — жанарының,
Қозғалғаны демімен анарының —
Еске түсіп сырлы саз, ұмытылған,
Ажыраттым өзгеден азар үнін.
О, ғажайып, ғасырға бағынбаған,
Табиғатта сезімді жағында жан.
Мен танымай кеткенмен басын иіп,
Сезім бүгін ұсынды тағын маған.





Пікір жазу