04.08.2021
  157


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ізі өзің атақты қайқылардың

(Күріш Тасболатовқа)

Өнерді сен өмірге балап едің,
Өлең-жырға толы еді жан әлемің.
Талапайлап аузыңнан алып кетті,
Ақкүріш-ау, әніңді қалап елің!
Қай биікте шырқасаң алқынбаған,
Қара қайнар көзісің сарқылмаған.
Шаршы топта шашыңа шаң жұқтырмай,
Шаттандырып келесің халқыңды әман!
Дәріптедің қылығын "сәйкілердің",
Өз аузыңнан зар болып айтылар мұң.
Арман даусын жеткіздің заманыма,
Ізі өзің атақты "қайқылардың".
Даусың жетті Досаттай жеті арқадан,
Өз үніңнен шерліден шер тарқаған.
Сағынышқа сағыныш жамап алып,
Кейде кетер дертіне дерт арта жан.
Күйіп-жану бар жанға арман едің,
Ғашық ұлың Күріштей бар ма, елім?
Ақбөбек пен Қайыптан кем түспейтін,
Махаббатты өнерге арнап едің.
Мүсіндеген өзіңді ұқыпты адам,
Дарқандығын дарытқан бұ құт далаң.
Тек өзіңе тапсырған аманатқа,
Кеудесінің кеңдігін Мұхит бабаң!





Пікір жазу