04.08.2021
170
Жүрек жұтқан ерің мен
Аман қалған ажал оқтан, өлімнен,
Тұрып кеткен салып қойған көріңнен,
Қорқынышқа қылбұрау сап үйреткен —
Жүрек жұтқан, мақтанайын, ерің мен!
Содан құнын бұл жалғанның ұғынғам,
Содан еркін, тәуелсіздеу бүгінгі ән.
Кісілікті, ізгілікті жырлайын,
Түсіргенше жұлып қайта тұғырдан.
Ренжімен жолым болмай жүрсе де,
Қуанамын болар-болмас нәрсеге.
Дүниенің бар байлығы менде енді,
Қақпасам да етігіме бір шеге.
Кешірімшіл болып алдым бәріңе,
Өсекшілді жібермеймін әріге.
Ей ағайын! Уайымым — жаныңды,
Суаратын бастауыңның нәрі не?