04.08.2021
  161


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сағыныш

(жан анам Жаңылдыққа)

Еміренген ботасына, жан-ана,
Қанша сүйсе мейірі оның қана ма?
Өкініш-ай, енді ержеткен шағыңда,
Мыңнан бірін қайыра алмау анаңа.
Өкініш-ай, енді ержеткен шағында,
Мыңнан бірін қайыра алмау анаңа.
Тұншығамын өкініштен бықсыған,
Жан сырымды, кімге қалай ұқтырам?
Анасының нұр дидарын еске алып,
Толса жүрек, іссе көмей ұқты, жан.
Анасының нұр дидарын еске алып,
Толса жүрек, іссе көмей ұқты, жан.
Қайдасың сен — мейірімнің бұлағы? —
Сағыныштан сарғаяды құрағың.
Бастау алып бір өзіңнен, анашым,
Бара жатыр жанды тербеп жыр-ағын.
Бастау алып бір өзіңнен, анашым,
Бара жатыр жанды тербеп жыр-ағын.





Пікір жазу