04.08.2021
  175


Автор: Сайын Назарбекұлы

Бабам салған ән-сарын

(Нұрғиса Тілендиевке)

Асаулау бұл ағаның әні тентек
Жатыр ма буырқанып, жаны, сенсек
Толқиды күй мұхиттай көкірегі —
Солай деп, Нұрекеңді, таны сен тек.
Ұмытып қасымдағы "аңсарымды",
Тыңдаймын бабам салған ән-сарынды.
Жан жібіп, тән балқыса, сезім — мейір,
Жіберді жұмақ қылып "қаңтарымды"
Құямын жүрегіме ерке мұңын —
Мына кеш неге сонша келте бүгін
Үлгердім табиғаттың танып бірақ,
Сыр айтқан Нұрекеңе еркелігін.





Пікір жазу