04.08.2021
337
Құрдастарыма
Із қалмаса артыңда біреу түсер,
Ол несіне шандатып жүрді бекер.
Еске аларлық бір істі тындырмасаң,
Бұл өмірді несіне сүрді десер.
Ей, құрдасым, қазақтың қартаң нары
Емес пе ауыр, анау жүк арқаңдағы?
Саған күліп, әзінше кісімсиді,
Түк көтермей, жан сақтап талтаңдары.
Қанағат пен шүкірді етпес "місе",
Кей замандас көзіме елестесе —
Сақтағандар ұятын өлі күнге,
Жерге кіріп кетердей ел естісе.
Кейде босқа тіршілік еткендейсің,
Шегіне де арсыздық жеткендейсің.
Деп сұрауы мүмкін-ау сондайлардың,
Сен қалайша жөніңе, текке, өлмейсің.
Ұят деген оларда ұйып қалып,
Қан да кеткен, ағарып, сұйықталып.
Шексіздікке ұқсаған ғұмыр едің,
Неге қалдың солармен тұйықталып.