04.08.2021
148
Сыр ашу
Өзіме емес,өзгеге емес — халқыма
Еңбек еттім, бір дем алмай, алқына.
Ұлыма емес, тілек тілеп еліме
Өмір сүрдім жүрек жара, сарқыла.
Сыр ашайын: елемедім есірді,
Ерегеспен қанша түйін шешілді.
Қыл көпірден талай өттім, әзірге,
Мүмкін, Тәңір көп қатемді кешірді.
Сескенбеймін улы жылан зәрінен,
Қорықпаймын тірі пенде көрінен.
Өзім салған бір жіңішке жолым бар.
Алып шыққан қиындықтың бәрінен.
Өкініш көп, қолымды кеш сермеп
Мен көбіне бос жарыста терлеп
Өкініш-ай, қамал бұзар шағымда
Бар қуатты сарқып елге бер.