04.08.2021
  166


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жаным таза









Жаным таза — мақтанышым тірлікте,
Сезім таза — сақтамаймын бір бүкпе.
Жер-Ананы ластамай Ақырға —
Кете алардай бұл өмірді сүрдік пе?
Тәнім тозып іріңдеген кезінде,
Ыза қысып дірілдеген кезімде —
Жаным таза қалды со кез былғанбай,
Ере алмадым еш қатыгез сезімге.
Бетте әжім, сиқы кетіп тозса да,
Жүйке жұқа, ашу жеңігі қозса да —
Жаным жап-жас — шүкір деймін, шүкір тек,
Өкініш жоқ, бүгін өмір озса да.












Пікір жазу