04.08.2021
  206


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жыр жазайын адалға аузым толып

Нан жоқ. Аштық. Аштардың қарны ашады...
Май бар. Бал жоқ – тоғышар зарлар шағы.
Тауып берші, етегі жасқа толып –
Сұрар, жылар, көз жасы парлар тағы.
Адамнан бал, Құдайдан жан сұрайды,
Шайқасады, дал-дұл боп қансырайды.
Аянбайды. Шаш жұлып бет жыртысар –
Ар салмағы, жанымды жаншылайды.
Өлі жатып, немесе тірі жолық,
Тоғышарға – қураған ары солып:
Мүрде тәнін тонайды, тірі жанын,
Асып жатсын басынан бәрі толып.
Тоғышардың қайғысы – тоқшылығы,
Кімді қинар ар, ұждан жоқшылығы?..
Ана тілмен, ақ сүтпен ауызданшы,
Айналайын, жас ұрпақ, – ұқшы мұны!
Май жемей-ақ қояр ем аузым толып,
Бас тігемін қатерге жаушың болып.
Тек, қарындас, жаныңды таза ұста,
Жыр жазайын адалға аузым толдып.





Пікір жазу