04.08.2021
  226


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ізетшілік

Ең асыл не? – Ол деген iзетшiлiк!
Бар жаһанға жүретiн тiлек тiлеп –
Ол асыл жан! Табиғат берген оған
Жақсылыққа жаралған жүрек – тiлек.
Сүрiнгенде көргенде тұра қалар,
Жанға жайлы, сезiмтал ғұлама бар.
Қолдан келмей, дәрменi жетпей жатса,
Өкiнiштен опынып жылап алар.
Сәл ауысса, пенде ғой, түзеп шығып,
Iстейтiнi қайырым, iзетшiлiк.
Сондай жанды әлемге жария ғып,
Қойса, шiркiн, өмiрге күзетшi ғып!..





Пікір жазу