04.08.2021
140
Кім кінәлі
Талақ қылдым, несiне жасырайын,
Боқтап берген құрысын насыбайың.
Кiсiлiктiң жағдайын ойлағанда
Қалай ғана желкенi қасымайын?!
Көрдiк талай сараңды, сұңғыланы,
Шаттығыңды iштарлар мұң қылады…
Менiң кiнәм – жоқшылық, сұрағаным,
Ренжiп жүр сол үшiн құрбым әлi.
Өремдi сол кедейлiк өлшетпедi,
Қуанышы ем барымды бөлсек, тегi.
Көрсетпесе қызартып – сұрамас ем,
Кiнәсiнiң үлкенi – көрсеткенi.